Жарнама
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 2024 жылы 3 мыңнан аса атыраулық өз шотындағы ақшасын пайдаланған

Өткен жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында Атырау облысындағы 277 мыңнан астам баланың шотына 27 миллион 867 мың АҚШ доллары аударылды. Оның 1 миллион 117 мың АҚШ доллары былтыр 18 жасқа толған 11 117 ересекке төленген. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ АОФ мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 18 жасқа толған 3240 атыраулықтың 325 мың АҚШ долларынан астам сомаға жіберген өтініші мақұлданған. Оның ішінде 2102 өтініш тұрғын үй жағдайын жасқарту бойынша берілсе, қалған 1138-і оқу ақысын төлеуге қатысты.

Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толмаған әр балаға 129 доллардан аударыла бастады. Жыл сайын аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты есептеледі. Сонымен қатар балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі. Қаражаттың аударылғанын еGov mobile мобильді қосымшасынан немесе kids.enpf.kz сайтынан көруге болады.

Жинақталған соманы жасы 18-ге толған кез келген азамат пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button