Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық қор ақшасы – балаларға: Мәжіліс заң жобасын қарауға алды

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу мақсатында әзірленді. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы шоттарында жинақталады.

Заң жобасының негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы азаматтары кәмелетке толған кезде тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе жинақ есебінен білім алу мүмкіндігі аясында жас ұрпақты қолдау. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Мәжілістің аталған комитетінің төрағасы, депутат Мәди Такиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button