Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық банк жаңа тұжырымдама әзірлеуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Ұлттық Банктің базасында Мемлекеттік цифрлық активтер қорын (крипторезерв) құру жөнінде тапсырма берілген болатын. Ұлттық банктегілер қазір бұл жұмыс қандай сатыда екенін мәлім етті, — деп хабарлайды kazinform.kz.

-Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұжырымдама әзірленіп жатыр. Онда қорды қалыптастыру көздері, оны жинақтау және пайдалану тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен активтердің тәуекел-профилін айқындау тәсілдері қарастырылады. Ерекше назар халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, криптовалюта нарығының құбылмалылығын есепке алу арқылы қорларды (крипторезервті) басқарудың ашықтығы, есептілігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылады, — деп жазылған Kazinform сауалына жолдаған жауапта.
Демек, әзірге крипторезерв ретінде нарықтағы қандай криптовалюталардан қор жинақтау көзделіп отырғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ, крипторезерв қалыптастыруға қандай көзден қаражат алынатыны, Ұлттық қордың, БЖЗҚ-ның қаражатын жұмсау ықтималдығы да нақтыланбаған.

-Қорды құру мерзімдері мен оның жұмыс істеу тәртібі тиісті тұжырымдамада белгіленеді, — деп жазады Ұлттық банктегілер.
Айта кетсек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының криптоиндустрияны дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан еді. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button