Жарнама
Жаңалықтар

Тасқынға қарсы күрескен ұландықтар әскери бөлімге оралды

Қызылқоға ауданының Миялы ауылында су тасқынының алдын алу шараларына атсалысқан Ұлттық ұлан сарбаздарына құрмет көрсетілді. Олар 10 күн бойы Ойыл өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізіп, шамамен 10 мың қап құм толтырып, қауіпті аймақтарды нығайтуға үлес қосты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Ертуған Әубәкірдің хабарлауынша, Атыраудағы 5546 әскери бөлімінен келген 60-қа жуық сарбаз 20 наурыздан бастап аталған өңірде өзен жағалауын бекітумен айналысты. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізген сарбаздар бүгінде өз әскери бөлімдеріне қайтты.

–Жергілікті әкімдік олардың еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді. Сарбаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің еңбегі – аймақ тұрғындары үшін үлкен көмек, — дейді Е.Әубәкір.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button