УКРАИНАДА – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қырым автономиялық республикасы мен елдің тоғыз облысы аумағындағы 524 елді мекен бірнеше күн бойы жарық пен жылусыз қалды. Бұл туралы Украинаның ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

 

Тек өткен аптаның соңында ғана жергілікті энергетика компаниялары жанынан құрылған апатты қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Кировоград, Чернигов, Черновицк, Черкасса және Киев облыстарындағы жағдай дұрысталды. Дегенмен, жоғарыда аталған Қырым АР-ы мен Одесса, Херсон облыстарындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз