Жаңалықтар
Үкімет шегірткемен күресуге 8,1 млрд. теңге бөлді
Бұл туралы республика Үкіметінің ресми парақшасында хабарланды.
-Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселе жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс, — деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.