Жарнама
Жаңалықтар

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президент сайлауында дауыс берді 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Премьер-Министр республиканың барлық азаматын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім», — деді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button