Мақатта жылжымалы медициналық кешен жолға шықты

whatsapp image 2022 04 14 at 14.08.42 Медицина

Мақат аудандық Аманат партиясы жанындағы «Денсаулық бастауыш партия» ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы басталды.

Диагностикалық медицина кешені жолға шығып, ардагерлерді терапевт, гинеколог, окулист, стоматолог, педиатр мамандары қабылдады. Сонымен қатар, пациенттер ЭКГ, рентген, қан тапсыру, салмақ өлшеу және лор қызметіне де жүгінді. Акцияға психолог мамандары да атсалысып, ана мен балаға керек кеңестермен бөлісті.

«Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында окулист қарауына 13 адам, ЭКГ қызметіне 5 адам жүгінсе, терапия 13 ардагерді қабылдады. Стоматолог дәрігеріне 7 адам жүгініп, 12 бала екпе алды. Ардагерлерге арналған жоба нәтижесінде аудан тұрғындары дәрігерлерге қаралып, қажетті ақпараттармен танысты.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық кешеннің келесі аялдамасы Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі болмақ.

Ақбөпе ЕРГЕШ,

Мақат аудандық аурухананың баспасөз хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз