Жарнама
БілімЖаңалықтар

ҰБТ тапсыру процесін арнайы мониторингтік топ қадағалайды

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен ҰБТ-ның ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобының (специальная мониторинговая группа) өкілдері тартылатын болды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Ережесіне сәйкес 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында республика бойынша 99 ҰБТ өткізу пункті базасында ҰБТ өткізіледі. Оның ішінде 5 пункт Атырау облысында шоғырланған: Атырау қаласы, Құлсары қаласы, Құрманғазы, Қызылқоға және Индер аудандарында.

Атырау облысында ҰБТ-ді бірінші болып 2000-ға жуық оқушы тапсырады. ҰБТ өткізудің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрамына аудиториядағы тәртіпті қадағалайтын арнайы мониторингтік топтың мүшелері енгізілді. Енді телефонды есептен шығару немесе пайдалану мүмкін емес. Ұлттық тестілеу орталығының мамандары оны 3 жылға шеттету арқылы «айыппұл» ұсынды. Алайда бұл норма әлі де талданатын болады.

Биыл білім саласына енгізілген жаңашылдық туралы қоғамда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ, 2020 жылдан бастап ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ді тапсыру форматы бұрынғыдай қалады.

Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

ҰБТ-ге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, республика бойынша ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді.

Осы ҰБТ-ге орта мектептердің 11 (12) сынып оқушылары, бірінші академиялық оқу кезеңін (шартты қабылдау) аяқтағанға дейін ЖОО-на қабылданған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқасына ауысуға тілек білдірген студенттер қатысады.

Атырау облысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылады, медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылады және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда жеке көмекшілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сурдоаудармашылар ұсынылатын болады.

ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде республика бойынша 594 адамнан тұратын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.

ҰБТ-де республика бойынша 820 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Ендеше, жас түлектерге сәттілік тілейміз!

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button