Жарнама
Жаңалықтар

ҰБТ электронды форматқа көшірілуі мүмкін

Atr.kz/16 тамыз, 2019 жыл. Ұлттық бірыңғай тест трансформацияланады.  Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Ұлттық бірыңғай тестілеу процедурасын трансформациялауды жоспарлап отырмыз. Осы ретте оқушылардың жүйені алдау жолдарын іздеу фактілерінің орын алып отырғандығын атап өткім келеді. Телефон алып кіріп, өзінің білімі мен дағдысымен емес, басқа да қосымша құрылғылардың көмегімен көбірек балл алуды ойлайды», — деді ол.

Осы ретте министр алдағы уақытта ҰБТ тапсыру жүйесі өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтты. «Бұл ретте біз Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды біртіндеп электронды жүйеге көшіруді жоспарлап отырмыз. Мұндай ойымыз бар. Бізге ҰБТ гранттарды бөлудің ашықтығы мен әділдігіне кепіл беруі қажет», — деді А.Аймағамбетов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button