Уақыт белдеуі: Сауалнама жүргізілетіні неге алдын ала айтылмады?
Республика Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуін өзгертудің халық өміріне әсерін зерттеу аясында жүргізілген сауалнамаға түсінік берді, — деп хабарлайды kazinform.kz.
«Бұл кешенді зерттеудің бір бөлігі ғана болды. Әлеуметтануда сауалнама жүргізілетіні алдын ала ескертілсе «субъективті сауалнама» деген ұғым бар, бұл анонимді сауалнама болды. Әлемде көптеген сауалнама бар және көп адам оларды жүргізіп жатқанымызды білмейді. Бұл объективтілік пен бейтараптықты сақтау үшін қажет. Дауыс беру немесе референдум болса, алдын ала жарияланып, күн тәртібі қойылады», — деп түсіндірді Саясат Нұрбек Мәжіліс отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, eGov mobile қосымшасында жарияланған сауалнамаға үш күннің ішінде 200 мың адам қатысқан.
«Әлеуметтануда репрезентативтілік деген ұғым бар, яғни халықтың белгілі бір пайызы жас және аймақтық негізде кейбір сұрақтарға жауап берсе, көп пікір барын көрсетеді. Бұл сауалнама тек халықтың шынымен қатысатынын және айтулы мәселе екенін анықтау үшін қажет болды», — дейді ол.
Сондай-ақ, ведомство басшысы уақыт белдеуіне қатысты Үкіметтің соңғы шешім қабылдағанын айтты.
«Уақыт белдеуі өзгерісін зерттеу бұл қазақстандықтардың денсаулығына қаншалықты әсер етеді, жұмыс кестесін қаншалықты түзету қажеттігіне назар аударады», — деп қорытындылады С. Нұрбек.
Бұдан бұрын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуін өзгертудің халық өміріне әсерін зерттеуге қанша қаражат кететінін айтқан еді.