Жарнама
Жаңалықтар

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР

 

Жиын барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланды.

«Нұрлы Жол» Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – білім саласы да талқылаудан тыс қалмады. Жиын барысында көтерілген мәселелер еліміздің мұнай-газ секторына жоғары кәсіби білімді мамандар даярлайтын Атырау мұнай және газ институтының қызметіне де тікелей байланысты.

Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа кезеңге өтуге бет алғанын көрсетуде. Елбасымыздың тапсырмаларында  көрсетілгендей, қазіргі мектеп партасында отырған балалар ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін енуі үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге  көтерілуі керек.  Осыған орай,  Мемлекет басшысы он екі жылдық білім беру жүйесіне бірте-бірте көшу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бұл – дұрыс шешім. Біздің облыста бұл жүйеге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталып кеткеніне біраз болды. Кейбір мектептер эксперименттік бағытта жұмыс жасауда. Нәтиже де жаман емес.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында «Балапан» бағдарламасы, орта білім беру жүйесін қаржыландыру, балабақшалар салу және білім саласына қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.

Дүйсембек Құлжанов,

Атырау мұнай және газ институтының ректоры,

облыстық мәслихат депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button