Жарнама
Жаңалықтар

ТЖМ авиациясы қамысты өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда

Атырау облысында қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа республика Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы, өңірлік төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының күштері жұмылдырылды.

img 8394
Screenshot

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, өрт ошағының аумағын бағалау және сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында бүгін, 18 маусымда, оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен Атырау облысы төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев МИ-8 тікұшағымен ұшып барды.

img 8396
Screenshot

-Министрлікке қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы бүгін 4 мәрте әуеден су төгіп, жалпы 12 тонна көлемінде су пайдаланылды. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген ресми мәліметте.

Мамандардың айтуынша, ауа температурасының жоғары болуы, қамыстың тығыз өсуі және желді ауа райы өрт сөндіруді қиындатып отыр. Соған қарамастан, өрт ошақтарын оқшаулау және толықтай сөндіру үшін барлық қажетті шара қолға алынуда.

Қазір жағдай тұрақты бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстарына тартылған барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Ауа және жерден бақылау үздіксіз жүргізілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button