Жарнама
Жаңалықтар

Тыл ардагері атағы беріле ме?

— Құрметті редакция, сіздерден сұрайын дегенім, 1938 жылы туылғандарға тыл ардагері атағы беріле ме? Әркім әртүрлі айтуына байланысты анығын біле алмай жүрміз.

Ерлан МҰҚАШЕВ,

Балықшы кенті, Атырау қаласы.

Тыл ардагер¦ ата__ы

Қатимолла РИЗУАНОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Осы сауал соңғы кезде жиі қойылып жүр. Айтатыным – тыл ардагері атағын туған  жылына байланысты  бере салмайды, әңгіме туған жылында емес,  соғыс   кезінде  алты айдан кем емес  еңбек  еткендігін  әркім өзі дәлелдеуі   керек, яғни сондағы атқарған  жұмысы туралы (еңбек кітапшасы,  бұйрықтар,  жалақы  алу  тізімі,   әскери  билетіндегі жазылуы т.б.)  құжат табылса жарайды. Олар болмаса,  бір куәгер, не  ардагерлер кеңесінің  қолдауы бойынша арнайы комиссия қарап, тағайындай алатынын түсіндіреді тиісті министрлік басшылары. Яғни, заңда тосқауыл жоқ. Бұл туралы қала-аудан ардагерлер кеңесінен, әкімдіктерден, әлеуметтік бағдарламалар мекемелерінен нақтылауға болады. Әрине, аталған инстанциялардың бірі болмаса екіншісінде ілкіде заң талаптарын жете түсінбегендіктен сөзбұйдаға салу немесе «артық кетсе де бізден кетсін» дегендей аса қажетсіз қосымша құжаттар талап етуі, тағы басқа кедергілер кездесуі мүмкін.

Бұлай дейтінім, екі-үш жыл бұрын Қызылқоға, Жылыой, Исатай, Құрманғазы аудандарында біраз 1937 жылы туылғандар тыл ардагері дәрежесін алмағандығы анықталды. Бұл мәселені облыстық кеңес қатаң бақылауға алды, облыс, аудан әкімдеріне де жазбаша, ауызша хабарласылды. Облыстық  кеңестің пленумында сөз болды. Қорытындысында  мыңнан аса ардагер тыл ардагері мәртебесіне ие болып,  баяғыдан бері алынбаған  тиісті жәрдемақыларын  ала бастады.

Бірақ, Жылыой ауданында бұл жұмыс мезгілінде қаралмай қалды, біраз кешеуілдеп қолға алынды.  «Өздері құжаттарын тапсырып арызданбаса, соңынан жүрмесе оның соғыс заманында жұмыс жасағанын қайдан білеміз?» деп бізге уәж айтады. Дұрыс делік. Бірақ, оларға осы мүмкіндікті жеткізу, түсіндіру, алдын-ала округтер бойынша тізімдеп, әсіресе, өздері туралы көп ештеңе ойлай бермейтін, үйде отырған ана-әжелерді қамқорлау қажет еді. Бұл мәселе аудандық газеттерде жазылып, жиналыстарда нақты тапсырма берілсе, дедік. Біздің міндет сол ғана. Бұл жұмыс өз дәрежесінде болмағасын, көп ешкім бұл статусты сұрамайды да,  соңына да түсе қоймайды.

Редакциядан:  Көкейіңізде жүрген, шешімін таба алмаған сауалдарыңыз болса, бізге жолдауды ұмытпаңыздар, қадірлі оқырман!

Хат және бұқаралық жұмыс бөлімі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button