Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Тұтынушыларды қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Atr.kz/5 ақпан, 2020 жыл. Қазақстанда тұтынушылар құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Сауда және интеграция министрлігі қажетті заң жобасын әзірледі.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Ахметовтың айтуынша, заң бойынша осы саладағы дау-дамайларды сотқа дейін және сотта қараудың біртұтас моделі болады. Осыған орай, тұтынушылардың сұрақтарына міндеті түрде жауап берудің үш сатылы жүйесі енгізіледі. 

«Бірінші кезеңде шағымды сатушының өзі қарайды. Шағымның қаралу уақыты он күнді құрайды. Тұтынушының шағымы еленбеген жағдайда сатушы жауапты болады. Екінші сатыда шағымды сотқа дейінгі институттар немесе уәкілетті орган қарайды. Ал үшінші кезеңде сотқа шағымдануға болады», — деді Ахметов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, үш сатылы жүйенің арқасында дау-дамайларды сотқа дейін шешіп отыруға мүмкіндік болады. Оған қоса, сатушының әлеуметтік жауапкершілігі артады.

«Бұл жерде басты жаңалық – сотқа дейінгі реттеу субъектілері үшін моральдық залал өтемақысын өндіріп алудың заңнамалық мүмкіндігі. Ал олардың қызметін бақылау мақсатында дауларды қарау нәтижелері туралы уәкілетті органдарға хабарлау нормасы енгізіліп отыр», — деп атап өтті Ахметов.

Бұдан бөлек, тұтынушылар шағымдарын қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады. Осылайша, барлық арыз-шағымды тиісті мекемеге үйлестіріп отырады.

«Заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілген. 6 ақпанда тұңғыш таныстырылымы өтеді. Соған дайындалып жатырмыз», — дейді комитет басшысы.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanda-elektromobilge-%d2%9byzy%d2%93ushyly%d2%9b-%d2%9bandaj/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button