АТЫРАУДА «ЖЕТІСТІК ЖОЛДАРЫ: ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

c8a5fc22 ef68 4af7 9633 693529a34605 Жаңалықтар

«Атырауда «Жетістік жолдары: әйелдер белсенділігінің қоғамдағы рөлі» атты облыстық әйелдер форумы өтті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов егемендік жылдары мемлекеттікті қалыптастыру мен нығайту ісінде әйел-аналардың өзіндік орны барын атап өтті.

«Отыз жылдағы тарихи табыстарымызды саралағанда Сіздердің еңбектеріңіз ерекшеленіп көрініп тұрады. Осы аралықта отбасылық құндылықтарды орнықтыруда да іргелі істеріңіз көп. Отбасылық саясатты жетілдіру мен ана мен баланы мемлекеттік қолдау мақсатында маңызды құжаттар қабылданып, тұтастай жүйе құрылды. Қазақстанда Отбасы күні белгіленіп, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Сонымен қатар, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп, көптеген нақты іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осындай игі істер әр отбасының босағасының беріктігін бекемдеуге септігін тигізіп келеді. Мұның барлығы Отанымыздың баянды болашағы үшін жасалған нақты қадамдар»,-деген өңір басшысы, облыс бойынша кейбір көрсеткіштерге де тоқталып өтті.

8db232ce abba 47c7 91ed aa77d8e2da9d

Аймақ басшысының айтуынша, облыстағы «Батыр аналар» саны 10 мыңнан асады. Ал, биыл жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қорынан 222 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, осы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 400-дей отбасы баспаналы болады. Мамандықтар бойынша статистикаға көз жіберсек, педагогтардың 85 пайызын, медицина қызметкерлерінің 72 пайызын, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызын әйел адамдар құрайды.

35438e61 19b4 4ecb 9049 0a5198218251

«Өңірде шағын және орта бизнестің дамуына әйел-кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Әйел адамдар басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 26 мыңнан асты. Бұл жалпы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілер санының 45 пайызын құрап отыр»,-деді М.Досмұхамбетов.

c17dc594 7a5a 49b4 ad8c 8d5004096099

Өз кезегінде, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Рашиля Мұрсалиеваб «Біз еңбек еткен уақытта біраз қиындықтар болды. Сол кезеңдерде әйелдер ер азаматтармен бірдей еңбек етіп, өздерінің қоғамдағы рөлін көрсете білді. Ал, қазір сол қиындықтардың барлығы артта қалды. Бұл айналып келгенде тәуелсіздіктің жемісі. Өйткені, Елбасымыз да, мемлекет басшысы да әйелдерге әрдайым қолдау білдіріп келе жатқанын айтқым келеді. Мұның өзі біз үшін үлкен демеу»,-деді.

da718274 3245 42b0 a587 201b2a63a49d

Сонымен қатар, форумда әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қыз-келіншектердің қоғамдағы орны туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, өңірдің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген бір топ әйел ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз