«Turktime: түркі елдерінің медиа және туризм бірлігі»
Бүгін Алматы қаласында басталған IV халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумының тақырыбы осылай аталды. Аталған халықаралық іс-шара Түркітілдес журналистер қорының 10 жылдығы аясында өтуде.
Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері мен Түркия, Өзбекстан, Германия, Ұлыбританияның үздік спикерлері жиналып, маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін болады.
–Медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары талқыға салынады, — деді Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.
Халықаралық форум екі күнге созылады.
Майра ЕРҒАЛИ