Жарнама
Жаңалықтар

“Түркияның АЭС-інде жұмыс істеп келдім”

Еліміздегі үш алыптың бірі саналатын “Теңізшевройл” ЖШС-нің Келешек кеңею-ұңғымалардың ернеуіндегі қысымды төмендету жобасында дәнекерлеу курсынан өткен Қазбек Құрманғали Түркия елінде атом электр станциясын салуға атсалысты. Алпауыт жобадан тәжірибе жинақтаған маманның пікірінше, АЭС-ке қажеттілік біздің елден де байқалады.

-ТШО-ның курсынан бір жыл өткеннен кейін Түркия еліне АЭС құрылысын салуға бардым. Бұл жоба мен үшін үлкен мектеп болды. Өйткені, оған дейін шағын компанияларда еңбек еткен едім. Маңызды жобадан көп тәжірибе жинақтадым. Жұмысшыларға жасалған жағдай бәріміздің көңілімізден шықты. Сонда бір жылға тарта жұмыс істедім. Вахталық әдіспен үш ай еңбек етіп, бір ай демалатынбыз. Әрине, ол кейбіреулер үшін қолайсыз еді, — деп пікірімен бөлісті Қ.Құрманғали.

Кейіпкеріміз Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, осы өңірде мектеп бітірген. Ал, жоғары оқу орнын Алматыда тәмамдаған. Десек те, жас маманның Түркияның АЭС-інде шыңдалып, біраз тәжірибе жинақтағаны сөзінен-ақ аңғарылып тұр.

2022 жылы Атыраудан дәнекерлеу курсын аяқтаған маман осы салада тағы да жұмыс істеуге ниетті екенін жасырмады. “АЭС-те 12 сағаттық жұмыс кестесі болды, яғни таңғы сағат 07.00-де басталып, 19.00-де аяқталатын. Кейде жағдайларға байланысты 8 сағат жұмыс істеген сәттер де кездесті”, — дейді Қазбек Құрманғали.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button