Жаңалықтар
Тұрғызбаның 450 тұрғыны Маңғыстау облысына эвакуацияланды
Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды,- деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауылдың тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
–Алдымен әйелдер, балалар, зейнеткерлер және мүкіндігі шектеулі адамдар көшіріледі. Оларды эвакуациялау үшін ҚТЖ-ның теміржол вагондары мен автокөліктер бөлінді. Маңғыстау облысының Ақтау қаласы мен аудандарында эвакуациялық пункттер қаралған,- деді Ж.Қаражанов.
Айта кетейік, Тұрғызба ауылында 3518 адам тұрады. Бүгінде әйелдер, балалар, зейнеткерлерді қосқанда барлығы 450 адам көшірілді.