
Тұрғын үй секторында қауіпсіздікке бағытталған рейд өтті
Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен жер үйлер шоғырланған тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шараға басқарма қызметкерлерімен қатар, полиция қызметкерлері мен еріктілер де атсалысты. Рейд барысында тұрғындарға тұрмыста өрттің туындау себептері, газ және электр құралдарын дұрыс пайдалану жолдары, сондай-ақ жаз мезгілінде жеке секторда орын алуы мүмкін қауіптер жайлы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Атырау қаласының ТЖБ мамандары мұндай шаралар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
Атырау қаласы ТЖБ