Тұрақтылық салтанат құрды

23526 6 ltaraly kel s mn aza ru Жаңалықтар

Біздің еліміздің ең басты құндылығы – салтанат құрған ұлтаралық келісім, берік орныққан бейбітшілік пен тұрақтылық.

Осының нәтижесінде еліміз өзінің мемлекеттігін нығайтып, түрлі салалар бойынша реформаларды табысты жүзеге асырып келеді. Бұлар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының еселеп артуына ерекше ықпал етті. Оның шапағатын бүгінде барша қазақстандықтар жете сезініп отыр. Қазақстанда қоғамның барлық саласында ел азаматтарының этностық тең құқылығы заңнамада бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылған.

Ең бастысы, елімізде этносаралық өзара ықпалдастықтың басты тетігі ретіндегі бірегей қоғамдық-саяси институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезден бастап этностар арасында татулық орнықтыруды бірінші кезекке қойды. Бұл туралы кешегі келелі кеңесте де мемлекет басшысы баса айтқан болатын. Ортақ Отанды мекен еткен барлық этнос өкілдері мемлекет құраушы елдің тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін  де сақтау қажет деген ойдамын. Менің ойымша Қазақстанда тұрып жатқан этностар барынша сезініп, өзде­рі­нің болашағына нық сеніммен қарады.

Жамиляш Хасанова,

Атырау инжинерлік-гуманитарлық институтының проректоры,

профессор, педогогика ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз