Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Тұрақты жұмысты қайдан табуға болады?

Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Білім мен өндірісті ұштастыра білетін студентжастарды тұрақты жұмысқа көптеп тартуы сол компанияның болашағының зор, әлеуетінің жоғары екенін айғақтайды. Бұл ретте ембілік мұнайшылар аймақтағы дуальды оқыту жүйесінің дамуына зор үлес қосып жүр.

А т ы р а у м ұ н а й — г а з университеті мен АПЕК Петротехник колледжі Ресейдің Уфа мемлекеттік мұнайтехникалық университетімен меморандумға отырып, төрт жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Аталған компания осы уағдаластық аясында бұған дейін атыраулық және қазақстандық 97 студент-жасты тәлімгер ретінде уақытша жұмысқа қабылдаған болатын. Олар өз білім ордасында 14 күн оқып, 14 күн «Ембімұнайгаздың» мұнайлы кен алаңдарында ауысымдық әдіспен жұмыс жасап, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен қатар ұштастырды.

Жоғары оқу орнының білім бағдарламасын сәтті аяқтаған болашақ мамандар «Ұңғымаларды зерттеу операторы», «Мұнай-газ өндіру операторы», «Техникалық қондырғының операторы», «КИПиА дәнекерлеушісі» мамандықтарынан арнайы кәсіби біліктілікке ие болды. Мұндай жастар дипломмен бірге тәжірибе жинақтап, қолына еңбек кітапшасын да ұстап шығады.

Әрине, арасында компанияға тұрақты жұмысқа орналасқан жастар да аз емес. Тестік сынақтан жоғары балл жинақтаған 40 студент «Ембімұнайгаз» компаниясына қызметке қабылданды. Бүгінгі таңда оқуын жалғастырып жатқан 39 студент дуальды оқыту жүйесімен кен орындарында еңбек ету үстінде.

Ербол ҚОШАҚАНОВ,

Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button