Коронавирус қалай тарайды?

a8a34858 6b44 449e 89ed 40ba97dfe037 Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Коронавирус инфекциясының белгілері қандай? Вирус қалай тарайды? Жұғу жолдары қандай? Қайтсек аурудың алдын аламыз? Осы сауалдар аясында Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы «Батыс» жолаушылар тасымалы» АҚ  Атырау телімі жолсеріктері мен қызметкерлері арасында семинар өткізді.

Семинар коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу және эпидемияға қарсы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  басшысы.  

У.Апуов бұл жаңа инфекцияның алғашқы белгілері, берілу жолдары, сондай-ақ, сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, аталмыш вирустан әрбір адам өзін қалай қорғауы қажеттігі жөнінде ұсыныстар беріліп,  жадынамалар таратылды.

Семинар барысында жолаушылар пойызында жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған кездегі вагон жолсеріктерінің  санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритмі бойынша  жүргізілетін  жұмыстар пысықталды. Барлық қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарға дәрігерлерден жауап алды.

Өз тілшіміз

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-futbol-klubyna-zha%d2%a3a-basshy-keldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз