ТҮНГІ РЕЙД: жүгенсіз жүргізушілер
Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. Күн ұясына батқалы қашан?! Бірақ, асфальттан күндізгі ыстықтың аптабы әлі де бетке ұрып тұр. «Аспан жерге түскендей…» деген осы екен-ау! …Ойымызды Атырау қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары міндетін атқарушы, полиция майоры Ерлан Қабесовтың дауысы бөліп жіберді.
– Атырау облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шыққаны белгілі. Ол түнгі сағат 11.00 мен таңғы 06.00- ге дейін көлік қозғалысына тыйым салады. Соған қарамастан, қаншама техника түнгі Атырауда ызғытып жүр . Қазір өзіңіз де көресіз, олардың көбі біле тұра, әрнәрсені сылтауратып, көшеде жүруге құмар. Мәселен, дәріханаға бара жатқанын айтады. Ал, жеткізу қызметінің бар екенін айтсаң, үндемейді. Шындығында олардың бірі таксилетіп, екіншілері түнгі көшеде жай қыдырып жүр. Вирустың қауіптілігін қаншама ескерткенімізбен кейбіреулер оған маңыз бермеуде, — деді Ерлан Қабесов патрульдік көлікпен Сәтбаев көшесіндегі бас көпірдің алдына тоқтап жатып.
Бұл жерде бізді полиция аға лейтенанты , взвод командирі Асхат Қуанышқалиев, патрульдік полиция инспек т о р ы , полиция аға лейтенанты Қуат Абдулов, патрульдік полиция инспекторы, полиция кіші лейтенанты Нұржан Абаевтар күтіп тұр екен. Әрқайсысы нақты тапсырма алып, берілген нұсқауға сәйкес қызметтеріне кірісіп кетті.
Міне, қаланың Бұқар бетінен ызғытып KIA Corrento маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 010 NMA 06 автокөлігі келе жатыр. Полиция аға лейтенанты, взвод командирі Асхат Қуанышқалиевтің белгісімен жанымызға келіп тоқтай қалған көліктің жүргізушісі әйел адам екен. Өзін Жанна Әбілғапарова деп таныстырған ол көлік ішінде бетпердесіз отыруға құқы бар екенін де сөз арасында аңғартып өтті.
«Індет туралы білеміз. Өзім де, бала-шағам да үнемі жеке бас тазалығын сақтап, антисептик қолданып, көшеде, қоғамдық орындарда бетпердемен, қолғаппен жүреміз. Міне, бетпердем бар. Ал, бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысын білеміз. Қазір әлеуметтік желілерде таратып жатыр ғой. Мен қазір полиция бөлімшесіне асығып бара жатыр едім. Балам кәмелеттік жасқа толмағандықтан, алаңда жүріп, шектеу мерзіміне сәйкес полиция бөлімшесіне апарылыпты. Сол үшін асығып бара жатыр едім» деді ол кешірім өтініп.
Міне, көпірден тағы бір жеңіл автокөлік жүйткітіп келеді . Grantа маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 715АРА06 көлігінің жүргізушісі де патрульдік полиция қызметкерлерінің бұйрығын орындап, тұсымызға тоқтауға мәжбүр болды. «Карантиндік шектеу жайында білем. Сауатсыз емеспіз. Сіздер кімсіздер? Куәлігіңізді көрсетіңіз» деген егде жастағы жүргізуші аты-жөнін айтпайтынын айтып, тездетіп орнынан қозғалды. «Кейде бұдан да өткен сорақылықтар кездеседі. Кейбір тұрғындар өздерінің қатесін мойындамай, патрульдік полициямен керілдесіп те қалады» деді тәртіп сақшылары.
Өз і н Р а ш и д д е п т а н ы с т ы р ғ а н мемлекеттік нөмірі 598 BYA 06 автокөлігінің жүргізушісі б і р д е н а й м а қ т ы ң б а с мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен карантиндік шектеулердің түнгі сағат 11.00 мен таңғы сағат 06.00 аралығына дейін екенін білетінін, бетпердесіз жүрмейтінін айтып, ақталып жатыр. «Әкем қауіпті ісік дертімен ауырады. Ол кісінің дәрілерін алу үшін ақша керек, өзім – жұмыссызбын. Сондықтан, жасыратыны жоқ, әкемнің дәрісі үшін таксилетіп жүр едім, енді қайталанбайды» деген Рашидке де ескерту жасалып, бүкіл құжаттарының дұрыстығына көз жеткізілді.
Сағат тілі түнгі 01.00-ден асып кеткенімен түнгі қала әлі ұйқыға кетпегені көрініп тұр. Олай деуіміздің себебі – қараңғы көшені тілгілеп, жарқ-жұрқ еткен көліктердің шамдары. Біз тұрған азғана уақытта оннан аса көлік иесі тоқтатылып, ескерту жасалды. Солардың бірі – Nissan маркалы, мемлекеттік нөмірі 017 DPA 06 автокөлігінің иесі Темірлан Балахметов қазіргі кезеңнің өте қауіпті екенін мойындайтынын жеткізді. «Өте бір тығыз шаруамен бара жатыр едім, қызметтен шыққан бойым осы. Анықтаманы жұмыс орныма тастап кетіппін» деді ол кешірім сұрап. Патрульдік п о л и ц и я қ ы з м е т к е р і мемлекеттік нөмірі 970 HYA 06 автокөлігін тоқтатып жатыр. Жүргізушісі жап- жас бозбала екен. Өзін Әсет Салахиденов деп таныстырған ол карантиндік шектеу туралы естімегенін баяндады. Бір айта кетерлігі, тоқтатылған автокөліктердің бәрінің жүргізушілері бетперде кимеген, көлік ішінде екі- үш адамнан жайғасқан. Бір көлікте жүргізушіден басқа бір-ақ адамның отыруы тиіс екендігі жайлы нұсқаулықты қаперлеріне алмағандары байқалып тұр.
Ал, мемлекеттік тіркеу нөмірі C 352 NT 116 көлігінің иесі Ақылбек Жалғасбай рейд мүшелеріне: «құрғақ ақыл айтып, ескерту ж а с а ғ а н ш а , б е т п е р д е таратыңдар» деді. Сөйтіп, үйіне бара жатқанын айтты. Диар есімді жүргізуші өзінің аэропортқа бара жатқаны туралы мәлімет берді.
Мемлекеттік тіркеу нөмірі B 686 MA 763 көлігінің иесі Саламат: «Інімді үйіне апара жатыр едім. Анам қатты науқас. Күні бойы төсекке таңылған анамды бағамын, ол кісінің жөргегін алуға да ақшам жоқ. Өзім жұмыссызбын. Кімге жолығуға болады, маған түнде таксилету үшін рұқсатты кім бере алады екен? Нәпақамды табу үшін түнде шықпасам, күндіз ауру анамнан босамаймын» деп өзінің жағдайын айтты. Оған бұл қаулыны ешкім өзгерте алмайтыны, тәртіптің бар адамға бірдей екені туралы түсіндірілді.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының афоризмге айналған қанатты сөзі еске түседі осындайда. Бүкіл әлем халқын қынадай қырған КВИ инфекциясынан сақтанудың орнына әртүрлі себептермен көшеде жүйткіп жүрген көлік иелерінің қауіпті дертке жеңіл-желпі қарайтындығын а ң ғ а р д ы қ . П а т р у л ь д і к полиция қызметкерлерінің рациясы да бір сәт тыным табар емес. Біресе Авангард ықшамауданында бір мас адамның үй тыныштығын а л ғ а н ы х а б а р л а н с а , б і р е с е В о к з а л м а ң ы шағынауданында ішімдік ішкен кісінің жүргені туралы хабар үсті-үстіне келуде.
Ал, көпір үстінен жүйткіген көліктердің ағыны толастамайды. Жайықтан ескен самал жел сәл де болса желпіп, бойымызға сергектік сыйлағандай. Күні бойғы қарбаластан шаршағанымды енді ғана түсінгендеймін. Көзіме ұйқы тығылды. Мен полиция қызметкерлерімен қоштасып, бір сағаттық ерікті кезекшіліктен босатылдым.
Атырау қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары міндетін атқарушы, полиция майоры Ерлан Қабесов бастаған патрульдік полиция қызметкерлеріне жұмыс енді ғана басталған іспетті. Әне, тағы бір карантиндік шектеу дегенді мойындамайтын, коронавирус індетіне қалай болса, солай қарайтын жүргізуші құйғытып келеді. «Адамға екі қадірсіз бар, бірі – жастық шақ, енді бірі – денсаулық» деген халық даналығы есіме түсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия жариялағалы да біршама айдың жүзі болыпты. Індет күннен күнге адам өмірін жалмауда. Болашақ құрдымға кетпесін десеңіз, сақтана білгейсіз, оқырман!
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА