«Тұлғаны іздеу»
Барлық өзара іс-қимылды, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық деректер банкін есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті жүзеге асырады.
Іздеу істері саласындағы маңызды өзгерістердің бірі іздеу істерін жүргізуді электронды форматқа көшіру.
2022 жылдың қаңтарынан бастап іздеу істері саласының қызметкерлері іздеу істерінің басталуын кабинеттен шықпай жүзеге асырады.
Іздестіру істері келесі санаттарға бөлінеді:
— Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған
— хабар-ошарсыз кеткен адамдар;
— туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдар;
— өзі туралыанықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқадамдар;
— жеке басы анықталмаған мәйіттер;
— атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар.
Барлық қажетті ақпарат, соның ішінде іздеудегі тұлғалар бойынша толық ақпаратты www.qamqor.gov.kz іздеу порталынан үйден шықпай-ақ мәлімет алуға болады.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Аймақтық көліктік басқармасы