pararprrr 1

Тұщы судан тарықпаймыз

Жаңалықтар Экология
7 / 100

Облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газеті «Ойыл-Қиыл-ЖемСағыз» атты экологиялық бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасының аясында қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғановқа хат жазған еді…

Жұртшылық арасында қозғалған мәселенің негізінде депутат ақпан айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған болатын. Бұл туралы толығырақ газеттің 12 ақпандағы №12 санында «Депутат сауалына өзек болды» тақырыбымен жарияланды.

Жайықтың жағдайы жоспарға сай жақсарады

Жуырда Дүйсенбай Нұрбайұлына ресми жауап келді. Онда Үкімет басшысы «Жайық өзені бассейніндегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және Сағыз, Ойыл, Жем өзендерінде ағын судың азаюы – соңғы жылдары көктемгі қар суының көп болмауы және жауын-шашынның аз болуына байланысты» деп бағамдайды. Жа й ы қ ө з е н і б а с с е й н і н д е г і экологиялық ахуалды жақс арту м а қ с ат ы н д а Р е с е й т а р а п ы м е н бірлесіп, 2020 жылы 4 желтоқсанда трансшекаралық өзен бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылған. Сонымен қатар, ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс, т.б.) зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастықты нығайтудың бірыңғай жол картасы бекітіліпті. О с ы ш а р а л а р д ы ң а я с ы н д а екі ел сарапшылары су аз жылдары Жайықтың гидрологиялық ағынын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Нәтижесінде жайылманы су басу, уылдырық шашатын жерлерді жуу және Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін арнайы су жіберу жұмыстары жүзеге асады деп күтіліп отыр.

Ал, Қазақстан аумағына келетін өр суының көлемін көбейту, яғни Жайық өзені ағынының көлемі трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, өзен алабындағы су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы 1996 жылы 20 маусымдағы хаттамамен реттеледі. Қуаңшылық жылдары Жайық өзенінің орта және төменгі ағысындағы жағдайын жақсарту үшін екі елдің арасында келіссөздер жүргізіліп, жаз бен күзде Ириклин су қоймасынан қосымша су жіберу мәселелері де шешілуде. Депутаттың Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосу туралы ұсынысына орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы №59 қаулысымен бекітілген Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қарастырылып жатқанын да ПремьерМинистр ашық айтыпты.

Ойыл қалды ойсырап…

Мәжіліс депутатының жергілікті атқарушы органдарға заңсыз салынған су қоймалары мен бөгеттерді анықтау және өзендердің арналарын, каналдарды, өзен сағаларын құлаған ағаш, қамыс-қоғадан, өзге де қоқыстан тазарту бағытында тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынысына байланысты, Асқар Ұзақбайұлы «Жайық өзенінде жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында бөгеттер мен су қоймаларының заңсыз салынған дәйектері жоқ» екенін айтты.

– Сағыз, Ойыл және Жем өзендерінің су ағынының азаю себептерін анықтау үшін жүргізілген талдау аясында орташа жылдық жауын-шашынның азаюы мен аймақтағы климаттық өзгерістер өзендердің су ағынының азаюына тікелей әсер еткені анықталды, ал антропогендік фактордың әсері өзгерген жоқ, – деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин. Депутаттық сауалдағы Сағыз, Ойыл, Жем шағын өзендерін сақтау бағдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс Жайық өзені бассейні экожүйесінің жай-күйіне байланысты проблемаларды шешуге бағытталған ауқымды жұмыстың аясында, Қазақстан Республикасындағы су ресурстарын басқару жөнінде әзірленіп жатқан Ұлттық жоба және шектес мемлекеттермен жасалған келісімдер шеңберінде жүзеге аспақшы.

Жерасты су көздері зерттеледі

Атырау қаласын «АстраханМаңғышлақ» су құбырына қосу мәселесі жуық арада жүзеге аспайтын сыңайлы. Бұл магистральдық су құбырын ұлғайту, қайта жаңғырту және кеңейтуге жалпы құны 120 миллиард теңге қажет. Сондықтан, Атырау қаласын сумен жабдықтаудың балама көзі ретінде Ақтөбе облысында орналасқан «Көкжиде» жерасты су кеніштерін пайдалану қарастырылып жатыр. Ал, Каспий теңізі суын тұшыту арқылы технологиялық қажеттілікке пайдалану да біраз қаржыны (сумен жабдықтау жүйелерін есепке алмағанда шамамен 12 миллиард теңге) және осы ұсынысты одан әрі зерттеп, саралауды қажет етеді.

Ке л е ш е кт е Жа й ы қ ө з е н і н е н тұтынатын су көлемін азайту үшін Орал және Серебряков кеніштеріндегі жерасты су көзінен суды пайдалану ұлғайтылған. Бұл кен орындарының жиынтық қоры (тәулігіне – 115,5 мың м3 ) Орал қаласындағы қазіргі қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті екен. Сонымен қатар, бұған дейін геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген Тоқпай, Январцев және Көшім жерасты су кен орындарын пайдалану үшін қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Премьер-Министр Атырау облысында жерасты суының қоры аз болуына байланысты Жайық өзенінен ж ә н е « А с т р а х а н – М а ң ғ ы ш л а қ » магистральдық су құбыры арқылы тұтынатын су көлемін азайтуды, ол үшін қосымша жерасты суын пайдалану мақсатында Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі «Көкжиде» к е н і ш і н п а й д а л а н у м ә с е л е с і қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Қысқасы, Үкімет басшысының а й т у ы н ш а , е ш к і м д е с у с ы з қалмайды.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған