ТШО тәжірибесі: Гендерлік теңдікті ілгерілетудегі озық қадамдар
Гендерлік теңдік пен инклюзия қазіргі заманда корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әлемдік бәсекелестіктің қарқынды дамуы компанияларды әрбір қызметкерге қауіпсіз, тең мүмкіндіктер ұсынатын жұмыс ортасын құруға итермелейді. Бұл ғана емес, сондай-ақ гендерлік теңдік ұйымның өнімділігі мен инновациялық әлеуетін арттырудың негізгі драйвері десек қателеспейміз.
Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы жетекші компаниялардың бірі – Теңізшевройл компаниясы гендерлік теңдікті ілгерілету саласында бірегей тәжірибе қалыптастырды. Компанияның көзқарасы Маслоу пирамидасының бейімделген үлгісіне негізделіп, гендерлік теңдікті үш негізгі деңгейде жүзеге асырады: жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтау және қызметкерлердің кәсіби өсуіне тең мүмкіндік беру.
Жайлы жұмыс ортасы – теңдіктің іргетасы
ТШО бірінші кезекте әрбір қызметкерге қауіпсіз, әділ және кемсітушіліксіз орта құруға бағытталған. Индустрияның дәстүрлі түрде ерлер үстемдігіне негізделгеніне қарамастан, компания әйелдер үшін қолайлы жағдай жасауға үлкен мән береді. Мұнда инклюзивті жұмыс ортасын қалыптастыру және кемсітушілікке жол бермеу саясаты маңызды рөл атқарады. Қызметкерлерге қудалаудан, кемсітушіліктен және зорлық-зомбылықтан қорғануға кепілдік беріледі. Бұл шаралар әрбір қызметкердің өзін қауіпсіз сезініп, өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік береді.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің екінші маңызды қыры – жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау. ТШО бұл мәселені шешу үшін қызметкерлерге кең ауқымды әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады. Компания қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді жұмыс кестелерін енгізді. Бұл қызметкерлерге жеке және кәсіби өмірлерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бала күтімі, арнайы демалыстар мен қосымша әлеуметтік жеңілдіктер секілді қолдау шаралары қызметкерлердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Кәсіби өсу және іске асыру мүмкіндіктері
Пирамиданың жоғарғы деңгейі – қызметкерлердің кәсіби өсуіне тең мүмкіндіктер беру. ТШО әйелдерге арналған көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын белсенді түрде қолдайды. Мысалы, әйелдер қауымдастығы мен тәлімгерлік бағдарламалар әйелдердің мансап жолында сенімді әрі табысты ілгерілеуіне көмектеседі. Сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысын бағалау және еңбекақы төлеу процестерінде теңдік сақталады, бұл кез келген біржақтылықты болдырмауға бағытталған.
ТШО ер азаматтарды да гендерлік теңдікті ілгерілету процесіне белсенді түрде тартады. MARC бағдарламасы инклюзивті корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етсе, бейсаналық бейімділікпен күрес бойынша тренингтер барлық қызметкерлерге объективті және әділ көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түйіндеп айтқанда, ТШО тәжірибесі корпоративтік мәдениетте гендерлік теңдікті ілгерілетудің табысты үлгісін көрсетеді. Жайлы жұмыс ортасын құру, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтау және кәсіби өсуге мүмкіндік беру гендерлік теңдікті тек идеология ретінде емес, компанияның жалпы дамуына ықпал ететін құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
ТШО-ның гендерлік теңдікке деген кешенді көзқарасы қызметкерлердің қанағаттанушылығын арттырып қана қоймай, ұйымның ұзақ мерзімді табыстылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Кәмшат БАЙЖАНОВА