Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарЭкономика

ТШО карантин жағдайындағы өндіріс ахуалының қалай болып жатқанын айтты

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл.  «ТШО-да өндірістік жұмыстары жалғасуда», деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Бұл туралы «Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.


— Қазіргі уақытта ТШО-ның өндірістік қызметі үшін  маңызды болып табылатын «Келешек кеңейу»  мен «Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару» жобаларын   қауіпсіз түрде іске  асыру шаралары жүзеге асуда, — дейді Рзабек Артығалиев.

Бүгінде «Келешек кеңейу» мен «Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару»  жобалары  77 пайызға аяқталған. ТШО компаниясы аталған  жобалар бойынша негізгі жұмыстарын  жалғастыруда.

— Модулдерді жасау және оларды өндіріс орнынан шығару  жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, Теңіз кенішінде  модул құрастыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Біз өндіріске тікелей қатысы жоқ қызметкерлерді уақытша босатып, кеніштен шығарғанымызға қарамастан, жоба бойынша сыни жұмыстарды ары қарай іске асырудамыз.

Үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін өз қызметкерлерімізді қорғауға арналған бірқатар қосымша шараларды да  енгіздік. Теңіздегі қызметкерлерді уақытша  жұмыстан босату нәтижесінде өзге қызметкерлердің   денсаулығына зиян келтірмеу  көзделуде, — деді ТШО өкілі.

Жұмыстың  үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаныс шараларының бірі —  жұмыс істейтін қызметкерлерді жеке топтарға бөлу.  Бұл дегеніміз,  оперативті жұмыс тобы мүшелерінің бірі вирус жұқтырған жағдайда, басқа жұмыс тобы олардың орнын  алмастыруға дайын болады, әрі  өндірістік қызметті үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұмыстарын жалғастырады.


— Бұдан бөлек,  жұмыс істеу үшін берілетін  рұқсатты онлайн тіркеу арнайы бағдарлама мен мобилді құрылғылар арқылы жүзеге асу үстінде.  Біз орталықтан басқару пульттерін  шектедік. Бөлмеге тек  операторлар ған кіре алады. Сонымен қатар, бөлмелерді дезинфекциялаудың қатаң ережелері енгізілді , — деді Р. Артығалиев.

Айта кетейік, ТШО 2020 жылдың бірінші тоқсанында 7 млн 680 мың тонна шикі мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі өндіріс деңгейінен сәл асып түседі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button