Доссорда «Отбасы аллеясы» пайдалануға берілді

screenshot 19 3 Жаңалықтар

Бүгін, 21 қазан күні Республика күніне орай қазақ мұнайының қара шаңырағы Доссор кентінде «Отбасы аллеясы» ашылды.

«Болашаққа бағдар» жобасы аясында ауднымыздың көркін кіргізе түсу мақсатында тұрғындарға демалатын орындар – аллея және басқа да алаңдар салу үшін тапсырыс берілген болатын. Бұл құрылысқа аудандық құрылыс бөлімі жауапты болып, мердігер мекеме «Ақтау НШ» ЖШС жүзеге асырды.

screenshot 21 2

Құттықтау сөзін бастап сөйлеген аудан әкімі Ринат Ибрагимов өз міндеттерін абыроймен атқарған мердігер мекемеге алғыс хат тапсырды. Екінші боп сөз кезегі құқық қорғау саласының ардагері Аманияз Қабдоловқа жолданды. «Бүгін балалармен үлкендерге арналған демалыс аллеясы ашылғалы тұр. Оған дейін бұл жерде Мақсот Қилыбаев «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы болған кезінде салдырған ойын алаңы болған еді. Ол тозғаннан кейін аудан, облыс басшыларына жаңа ойын алаңына қаражат бөлу керектігі жөнінде жеткізген болатынмын. Бүгін міне, соның нәтижесі көрініп тұр. Аллеяның ашылуының басы-қасында жүрген барлық атқамінерлерге өзімнің азаматтық алғысымды айтамын. Қазіргі таңда Атырауға көшіп кетсем де, Доссор десе елеңдеп жүремін. Сіздерден сұрайтыным, бұрын-соңды болмаған демалыс алаңын ұқыпты ұстайық. Осы жерде қарауылшық қызметін атқарған Злиха Қадырқұлованың еңбегі зор екендігін айта кеткім келеді», – деді ол.

screenshot 20 2

Кейін Ринат Хисаұлы мен Аманияз Таженұлы салтанатты түрде аллеяның лентасын қиды.

Кент тұрғыны Злиха Қадырқұлова болса, әсіресе балалар тарапынан аллеяны қадірлемеу жағдайлары көп кездесетіндігін, ал ата-аналары оларды тыя алмай отырғандығын айтады. Еңбегі лайықты бағаланса тәртіпті орнату жолында қалтқысыз қызмет етуге де бар.

 Асылбек Есжан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз