Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Төтенше жағдайда экономиканы қолдауға 1 триллионнан астам қаржы қаралған

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл.  Ұлттық банк елде төтенше жағдай енгізілген кезеңде ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және экономика салалары мен секторларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау шараларын қабылдады.

Бұл мақсатқа ел экономикасына 1 трлн теңгеден астам қаржы көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖ енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау бойынша қандай шаралар


1) Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы қабылданды, ол коронавирустық инфекция пандемиясының таралуына байланысты елде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен ШОБ субъектілеріне және жеке кәсіпкерлерге қолдау шараларын көрсетуді көздейді. Жалпы сомасы 600 млрд теңгеге қаржыландыру лимиті бар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін жеңілдікті несие беру бағдарламасы қабылданды.


2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономиканың басым салаларын («қарапайым заттар экономикасы») жеңілдікпен несиелдендіру бағдарламасы шеңберінде Ұлттық Банк азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында қосымша 400 млрд теңге бөлетін болады. Бағдарламаның жалпы сомасы бұрын бөлінген 600 млрд теңгені есепке алғанда 1 трлн теңгеге жетеді. Халықтың қаржылық қолдау және теңгелік депозиттерді қорғау бойынша шаралар


1) «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді 90 күнге дейін кейінге қалдыру ұсынылып отыр. Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдауға бағытталған. Бағдарламаға толықтырулар коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін айыппұл және (немесе) өсімпұл есептемей, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды көздейді.


2) Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) теңгедегі жинақ, мерзімді және мерзімді емес депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемерді көтерді, кейбір депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелердің мәні бүгін қайта қаралды. Банктер неғұрлым жоғары мөлшерлемелерге депозиттер қабылдауға құқылы. Ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау – бұл ақша нарығындағы шарттардың өзгеруіне, базалық ставканың 9,25-тен 12 пайызға дейін едәуір жоғарылауына және базалық ставканың пайыздық дәлізін +/– 0,5 пайыздық тармаққа кеңейтуге ден қою.

Ұзақ мерзімді жинақ салымдары ең жоғары кіріске ие болып қалуда. Толықтырусыз жинақ салымдары бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме 1 жылға 15,1%-ға дейін, екі жылға – 15,5%-ға дейін көтеріледі, бұл өткен мәндерден 1 пайыздық тармаққа жоғары. Жинақ салымдарына деген сұраныс бәсеңдемейді және ақша құнының өзгеруі жағдайында дәл осы салымдар ҚДКҚ қорғауымен қоса, ең жоғары кірістілік әкелуді жалғастырады. Кез келген сәтте ақшаны толтыруға және алуға болатын мерзімді емес салымдар – бұл жаппай қолданылады: мұндай депозиттер барлық банктердің депозиттік желісінде бар.

Өткен аптада мерзімді емес салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлеменің мәнін қайта қараудан кейін, базалық ставканың пайыздық дәлізінің кеңеюіне байланысты, бүгінгі күні ҚДКҚ базалық мөлшерлемеден жоғары спредті 0,5-тен 1 пайыздық тармаққа дейін ұлғайтады. Бүгінгі күннен бастап банктер 13%-ға дейінгі мөлшерлемемен мерзімді емес салымдарды қабылдауға құқылы. 3 және 6 айға арналған қысқа мерзімді жинақ салымдары ҚДКҚ-ның базалық мөлшерлемеден жоғары спредті 1 пайыздан 2 пайыздық тармаққа дейін қайта қарау шешімі есебінен неғұрлым кірісті болмақ.

Бүгінгі күннен бастап 3 және 6 айға жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелердің ең жоғары мәні 14,0% құрайды. ҚДКҚ мерзімді салымдар бойынша ставкалардың ең жоғары мәнін 10 наурызда бекітілген мерзімдегідей өзгеріссіз қалдырады, алайда мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелерді арттырады: бір жылға депозиттер бойынша – 12,2%-ға дейін, екі жылға – 12,9%-ға дейін.

ҚДКҚ-ның іс-әрекеттері нарықтық әдістемеге сүйенеді және бірінші кезекте, қазақстандық салымшылардың мүдделерін қорғауға және салымдарды саралаудың негізгі қағидатын сақтауға бағытталған: барлық депозиттер шамадан тыс инфляциядан табыс әкеледі, ал ақшаны мерзімінен бұрын алуға қойылатын ең жоғары талаптары бар жинақ салымдары неғұрлым жоғары табыс алып келеді. Ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру бойынша шаралар

1) Қазақстанның Ұлттық Банкі резидент заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алуы және сатуы тәртібін өзгертті. Заңды тұлғаларға қатысты сыртқы сауда мәмілелерін есептік тіркеу бойынша шекті соманы анықтауға және баламасында 50 (елу) мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу кезінде растайтын құжаттарды ұсынуға бірыңғай тәсілдеме белгіленді.

تعريف الإحصاء

Сондай-ақ заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібі нақтыланды. Сатып алынған шетел валютасы 10 жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуы тиіс, ал ол пайдаланылмаған жағдайда ол кері сатуға жатады. Қаулымен енгізілген түзетулер жеке тұлғалардың валюталық операцияларын жүргізу тәртібін қозғамайды. Кешенді түрде қабылданатын шаралар қолма-қол ақшасыз шетел валютасына негізсіз алыпсатарлық сұранысты шектеуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған.

2) Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 25 наурызда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін ішкі валюта нарығында сату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын экспорттаушы кәсіпорындарға, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компанияларына қолданылады және төтенше жағдай кезеңінде әрекет етеді.

Үкімет пен Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс мониторингі мақсатында үйлестірілген жұмысты жалғастырады. Қабылданатын шаралар айырбас бағамын тұрақтандыруға, валюта ұсынысын қамтамасыз етуге, негізсіз құбылмалылыққа жол бермеуге бағытталған және іргелі тренд қалыптастыруға кедергі болмайды.

3) Ұлттық Банк сатып алу бағамының айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі. Құжат уәкілетті банктердің айырбастау пункттері және уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуді көздейді):


1) АҚШ доллары — 6 теңге; 2) евро — 7 теңге.


Бұл шаралар және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге бағытталған және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытына енгізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button