Төрт айда 13 234 атыраулықтан өтініш түскен
2021 жылдың 4 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылдың 4 айында – 13 234 (жеке тұлғалардан – 10 480, заңды тұлғалардан – 2 754), 2020 жылдың 4 айында – 10 967 (жеке тұлғалардан – 8 529, заңды тұлғалардан – 2 438) өтініш түскен.
Салыстырмалы кезеңде түскен өтініштер бойынша 20,6%-ға (немесе 2 267 өтінішке) өсім байқалады.
Өтініштердің артуы негізінен жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, карантин режиміндегі кәсіпкерлік қызметке қатысты рұқсат беру және т.б. мәселелермен байланысты болып отыр.
Облыс тұрғындарымен көтерілетін өзекті мәселелер негізінен жер бөлу – 6 206, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 1838, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 1517, білім беру – 769, құжаттандыру және азаматтық хал актілерін тіркеу – 361, денсаулық сақтау – 355, құрылыс – 185, мемлекеттік басқару -778 мәселелері бойынша қалыптасып отыр.
2021 жылдың 4 айында жергілікті атқарушы органдарға азаматтардан түскен өтініштердің 1328-і қанағаттандырылған. Олар: жер бөлу – 426, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 364, құжаттандыру және азаматтық хал актілерін тіркеу – 178, мемлекеттік басқару -142, білім беру – 84, құрылыс — 54, денсаулық сақтау – 52, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 28 мәселелері.
Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде
767 азамат жеке қабылданды, қабылдау нәтижелерімен 134 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 633 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді. Шешімін тапқан мәселелер тізбесі: жер бөлу – 22, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 56, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 53, денсаулық сақтау – 1, құрылыс -1, кәсіпкерлік -1.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш беру процедурасын жеңілдету, өтініштердің қаралу барысын бақылау ісін жетілдіру мақсатында жаңа «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленіп, биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап іске қосылады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда жаңа жүйенің пилоттық жобасын енгізуге арналған дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Бұл ретте, елімізде қолға алынған әкімшілік реформаларды бұқараға түсіндіру мақсатында бекітілген арнайы Медиа-жоспарға сәйкес сәуір айының 28 жұлдызында өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфир арқылы брифинг өткізілді. Брифингке облыстық соттың, әділет департаментінің, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының жауапты өкілдері қатысты.
Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.