ТӨРАҒАНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты. Жаңа ауыс-түйіс жөнінде сейсенбі күні өткен партияның саяси кеңес бюросында белгілі болды. Жиынға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Жиын барысында белгілі болғанындай, бұған дейін аталмыш партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған Саламат Дүйсенғалиев міндетінен өз өтініші бойынша босатылып отыр. Осыған орай партия филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов аталмыш орынға Ерболат Бектеміровтің кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін ол облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып келген еді. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Өз кезегінде Саламат Дүйсенғалиевке табысты жұмысы үшін алғысын жеткізген облыс басшысы оның мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметтегі ұзақ жылдық іс-тәжірибесінің ел болашағына берері мол екендігін атап өтті. Сондай-ақ, бюро отырысында Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастығының келесі ХІ форумының Атырауда өтетіндігін атап өткен облыс әкімі бұл жөнінде арнайы комиссияның құрылатындығын мәлімдеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз