Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Ақорда.
«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2023 жылы бұл оқиға осы айдың 2-ші күніне сай келеді. Ұлттық музыкалық аспапқа арналған Домбыра күні 2018 жылы 12 маусымда шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен ресми түрде бекітілді.