Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев: Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл.  Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі — Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

278a6fb6ba92b9250c3eab29adcb8bf7
Көрнекі фото

«Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі — Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Ол — Семейде ғана емес, тұтас қазақ тарихында өз орны бар тұлға. Оны халқымыз жақсы біледі, қадір тұтады», — деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті осыған орай, алдағы уақытта облыс әкімдігі Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруы қажет екендігін айтты. «Жас ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге болатын істі мен әрқашан қолдаймын. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін біз, шын мәнінде, осындай сабақтастық дәстүріне жол ашатын бірегей бастамаларды қолға алуымыз керек», —  деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан басталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

e84443f370f0c53cadbd8139555e66b1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button