Жарнама
Жаңалықтар

ТМД БОЙЫНША ҮЗДІК ЕМХАНА

Таяуда аталмыш емдеу орны ТМД елдерінің емдеу мекемелері арасындағы рейтингілік талдау нәтижесі бойынша жүлделі орынды еншіледі. Бұл сайыста №1 қалалық емхананың аталуы Атырау аймағының медицина саласы үшін зор қуаныш дер едік. Осы жетістікке орай емхананың мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Оған қала, облыс емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Еркін Сабыров емхана ұжымын елеулі жетістіктерімен құттықтап, жоғары марапатты салтанатты жағдайда тапсырды. Емхана озық технологияларды дамыта отырып, қаржылық және емдеу саласында тиімді көрсеткішке жеткен мекеме ретінде «Қазақстанның көшбасшысы-2013» медалін еншілесе, бас дәрігер Еркінбай Қуанов отандық экономиканы дамытуға үлес қосқан басшы ретінде «Қазақстанның Даңқы» орденімен наградталды.
Сол секілді, емхананың бас дәрігерінің орынбасары Бақытжамал Иманәлиева жоғары жетістіктері мен саладағы ұзақ жыл жасаған еңбегінің нәтижесіне орай «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» медалінің иегері атанды. Емхананың экономисі Нұрзила Өтемұратова 2013 жылдың номинациясы бойынша ең үздік экономист, Анар Басарова ең үздік бас бухгалтері сертификатына ие болды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button