Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Тіс клиникасына жарты миллион теңге төлетті

Атырау облысының тұрғыны стоматологиялық клиникаға сот арқылы 500 мың теңге төлетті, деп хабарлайды Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

20171016181902

«2017 жылдың маусымында К. атты азаматша алдыңғы 4 тісіне керамика қою үшін стоматологқа келген және оның қызметіне 52 мың теңге төлеген. Біршама уақыт өткен соң әйел адамның тіс салынған жерлері ауыра бастайды. Осы себепті ол өзге дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олар арқылы әйел өзіне сапасыз керамика қойылғандығын білген»,-делінген хабарламада.

Сөйтіп сотқа өтініш түсірген тұрғын өзіне келтірілген зиян үшін 541 мың теңге, ал моральдық зиян келтіргені үшін тағы 100 мың теңге өтемақы талап етті. Медиатор судьяның қатысуымен «Соттағы татуласу процедурасы» атты ілкі жоба аясында қаралған іс бойынша дауды медиация тәртібінде шешуге келіскен тараптар, өзара келісімге келді. Келісім талаптары бойынша, осы жағдайға жауапты тұлға шағым иесіне 500 мың теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын төлейді. Ал шағым иесі соттасудан бас тартты.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button