Жарнама
Жаңалықтар

ӨТІНІШ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Белгілі болғанындай, бұл азаматша бұған дейін ата рухына арнап «Дуылға» ескерткіш қақпасын орнатқан. Мәдени-спорттық кешен ашып, «Жақсылық» саябағына 1300 түп жас терек отырғызған. «Кезіндегі жас шыбықтар жайқалып бүгінде жасыл алқапқа айналып тұр. Қазір алқапты су көлігімен суғарып жүрміз. Кейде ол көлігіміз сынып қалып та жатады. Көптеген құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырдық. Одан еш нәтиже шықпады. Бұлай жалғаса берсе, ағаштар текке қурап кетуі мүмкін» деген ол, су құбыры жүргізілмейтін болса, саябақты мемлекеттік мекеменің балансына беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Бұл орайда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Жылыой, Мақат аудандарына ауыз суды жеткізіп берудің өзі күрделі мәселе болып тұрғандығын айтты. «Сіз айтып отырған жерді жақсы білемін. Темір жолдың арғы бетінен су тартып беру мүмкін емес. Бірақ, бір жолдарын қарастырамыз» деп жауап берді ол.
Қызылқоға ауданының тұрғыны Жанаргүл Байтанова қаржылай көмек сұрап келіпті. Көп балалы ана осыдан екі жыл бұрын үйінің өртеніп кеткендігін айтады. «Бүгінде айнала қарыз алып, жаңа үй тұрғыздық. Жолдасымның атына қосымша несие алдық. Бүгінде жолдасым жұмыстан босап қалды да, мардымсыз жалақыммен несие төлеп отырмын. Төрт балам бар» деген ол қарыз сомасының бір миллион жарым теңгеге жуықтағанын айтады.
Бұл мәселемен де таныс екендігін айтқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов компаниялардың демеушілік есебінен жақын арада бір миллион теңге көлемінде көмек берілетіндігін жеткізді.
Өзін халық емшісімін деп таныстырған зейнеткер Шадияр Тілеуназаров өңір басшысынан тұрғын үй және ем жүргізуге орын бөлуді сұрады. Айтуынша, қант диабеті, псориаз, простатит, жалпы түрлі онкологиялық аурулар бойынша науқастарға ем жүргізетін ол халықты қабылдайтын арнайы орын болса дейді.
Бұл орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан Өтепқалиев №3 немесе №7-ші емханадан жалға орын беруге дайын екендігін айтты. Ал, тұрғын үй кезекпен беріледі.
Тұрғын үй мәселесімен келген Қалихан Жалмұханов пен Қалуа Қалиевке де осындай жауап берілді. Яғни, баспана кезегі келгендерге беріледі.
Белгілі болғанындай, бұрын баспанаға өтініштер он бір түрлі тізім бойынша қабылданып келген. Келушілерге түсінік берген қала әкімі Серік Айдарбеков бүгінде он бір тізімнің төрт тізімге дейін азайғандығын, кезектегі азаматтар тізімінің қосылғандығын айтты. «Жақын арада жетім балалар өз алдына бөлек тізім болып шыққалы отыр. Бұл пәтер кезегінде тұрғандардың рет саны сәл де болса алға жылжиды деген сөз» деп атап өтті ол.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button