Жаңалықтар

«Тілсіз жау» тіл тартқызбайды…

Жаз айларында Жайық жағалайтындардың саны артады. Полиция департаменті табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Сәбит Ысқақ және полиция сержанты Дәурен Нұрмұхановпен бірге кезекті рейдке шықтық.


-Биыл табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты шомылу маусымы әлі күнге ашылмағаны белгілі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерге қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар, соның ішінде тыйым салынған жерлерде шомылу жайттары жиі кездеседі. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 5 баланың ажалы судан болды, — деген Сәбит Ысқақ ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.


Рейд барысында полиция қызметкерлері жағалаудағы тұрғындарға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді. Мұндай іс-шаралар жаз маусымында суға бату мен адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрақты өткізіледі.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button