whatsapp image 2021 07 09 at 17.07.49 1

АТЫРАУДА БАЛЫҚШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика
54 / 100

Балықшы күні қарсаңында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев сала үздіктері мен ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп бекер айтылмаған. Атырау өңірінде 18 табиғат пайдаланушы субъект болса, соның бәрінде балықшылар қысы-жазы еңбек етіп жатыр. Осы орайда, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасы амандығы мен мықты денсаулық тілеймін. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр облыста «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» қабылданғаны белгілі. Осы мерзімде бағдарлама шеңберінде тоғыз жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, Балық шаруашылығы өз алдына басқарма болғалы бірталай жұмыстар атқарылды» деген Қайрат Есқабылұлы бірқатар сала өкілін Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің грамоталарымен марапаттады.

img 20210709 wa0167

Атап айтқанда, «Балық шаруашылығы саласында мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен – Рашиден Қалидуллин, Мейрамгүл Оңайбаева, «Құрмет» грамотасымен – Зина Тюмешова мен Зухра Ғұбашевалар марапатталды.

img 20210709 wa0149

Осыдан соң, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы тағы бірқатар азаматқа облыс әкімі мен мәслихаттың және Балық шаруашылығы басқармасының Алғыс хаттарын табыс етті.

img 20210709 wa0169

Сондай-ақ, «Восток» серіктестігінің звено басшысы Өмірзақ Азбергенов министрдің қолынан «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрмет атағын алғанын да айрықша атап өту керек.

img 20210709 wa0056
img 20210709 wa0164
img 20210709 wa0163
img 20210709 wa0162
img 20210709 wa0161
img 20210709 wa0160
img 20210709 wa0159
img 20210709 wa0157
img 20210709 wa0154
img 20210709 wa0153
img 20210709 wa0152
img 20210709 wa0151
img 20210709 wa0150

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған