«Тіл бірлігі – ел бірлігі»
ОБЛЫСТА 18 ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЗДЕРІНІҢ АНА ТІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ МАҚСАТЫНДА 6 ЖЕКСЕНБІЛІК МЕКТЕП (ОРЫС, КӘРІС, ТАТАР, СЛАВЯН, НЕМІС, УКРАИН) ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН. ОҒАН ҚОСА ӨҢІРДЕ ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ ТЕГІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУІ ҮШІН «ТІЛ» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ. ЖОСПАР БОЙЫНША БИЫЛ 900 АДАМДЫ ОҚЫТУ КУРСТАРЫМЕН ҚАМТУ КӨЗДЕЛСЕ, ОНЫҢ БАСЫМ ΚΑΠΙΙΛΙΓΙ ΜΕΜΛΕΚΕΤΤΙΚ ΤΙΛ КУРСТАРЫ.
Бүгінгі таңда 551 тыңдаушы (оның ішінде 44 өзге ұлт өкілі) тілдік курстарды аяқтап, сертификаттарын алған.
Осы аптада Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыста бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып, облыс орталығында арнайы апталық өтіп жатыр. Соның ішінде, тілдік акциялар, интеллектуалдық ойындар, көпшілікпен сұхбат, «Тіл» орталығының Ашық есік күні, Ахмет Байтұрсынұлына арналған әлеуметтік желілер арқылы «Ұлттың ұлы ұстазы» челленджі, семинар-тренингтер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар қаладағы №23 А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте «Ахмет» кабинеті ашылып, Тілдер фестивалі өтіп жатыр.
Жуырда тіл мерекесіне арналған салтанатты шара Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония залында аталып өтті.
«Тіл бірлігі — ел бірлігі» атты салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, Қазақстан халқының тілдері мерекесімен құттықтап, ел бірлігін ту етіп, тіл саласын дамытуға үлес қосқан азаматтарды Ғылым және жоғары білім министрінің, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұл күні облыстық мәслихаттың, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатымен марапатталғандардың да есімдері аталды.
Қазтест жүйесі бойынша жыл сайын өңіріміздегі тұрғындардың қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталып отырады. Биыл диагностикалық және сертификаттық негіздегі тестілеу қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке ие болған жерлестеріміз де марапатсыз қалмады. Іс-шарада қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін арттырып отырған мекеме басшылары да ескерілді.
Алмас ҚАБДОЛОВ