Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаЭкология

Тікенекті алқа — қауіпті карантинді арамшөп

Негізгі отаны – Солтүстік Америка. Еуропада, Африкада, Солтүстік Америкада, Азияда, Қазақстанда Жамбыл облысында таралған.

Дәнді дақылдарды, бау-бақша, бақтарды залалдайды. Алқаның жапырақтары жануарларға улы. Тікенектері пішенмен жануарлардың ауыз қуысын, ішек-қарын жолдарын зақымдайды. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы цилиндрлі, ағашты, 5-12 мм ұзын, сары тікенектермен, түктермен тығыз көмкерілген, түсі шаңды сұр болып көрінеді. Ұзындығы 30-100 см, тамыры кіндікті, 3 м тереңдікке дейін барады.

Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағағы тікенекті. Гүлдері ұзаруына байланысты шоқ тәрізді қойылған. Тозаңы сары түсті. Гүлдері нектар бөлмейді, ашылған соң бірнеше сағат жағымсыз иіс аңқып тұрады. Жәндіктермен тозаңданады. Тікенектері жануарлардан қорғайды. Жемісі бірұялы, шар тәрізді, жартылай құрғақ жидек, диаметрі 1-2 см. Жемісі піскен кезде жарылады. Бір өсімдікте 180 данаға дейін жидек болады, жемісте 70 дейін тұқым болады.

Тұқымы дөңгелек бүршік тәрізді, төбесі дөңгелек, үстіңгі беті торлы, ойықты, қатпарлы. Тордың суреті ара ұясына не сасық меңдуана тұқымына ұқсайды. Тікенекті алқа тұқыммен көбейеді. Бір өсімдікте 200-8000 тұқым болуы мүмкін, жерге түскенде жел арқылы таралады, жаңа жиналған дәндері өспейді. Биологиялық тыныштығы 5-6 ай. Тұқымдары 1-15 см тереңдікте көктеп, 11-120 С температурада өсіп шығады, ал оптимальды температурасы 22-250 С.

Өсіп-өну кезеңі 90-130 күнді құрайды. Сілтілі сазды топырақта жақсы өседі.
Егістікті карантинді алқадан тазарту үшін: арамшөп тұқымының таралуына жол бермей, мезгілінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған жағдайда, ошағын жоюға агротехникалық және химиялық өңдеу жұмыстарын дер кезінде жүргізу қажет.

Культивацияланбаған жерлерде тікенекті алқаның тұқымын себуді болдырмау үшін бүрлену-гүлдеу кезеңінде шабу қажет. Топырақтан тікенекті алқа тұқымын тазарту үшін отамалы дақылдарды күздік дақылдардан соң өсіп-өндіру керек. Астық дақылдардың өнімін жинаған соң аңыздықты өңдеу қажет. Жаздық, күздік егістердің астын соқамен шым аударғышпен сүдігер жыртып, ал таза пар астын терең сыдыра жыртады. Отамалы дақылдар егістерін тырмалау алқаның өскінінің өлуіне әкеледі. Бірак, арамшөптің жаппай өскіні пайда болғанда, тырмалауға келмейтін кезде дақылдарға мұқият күтім кажет.

С.ҚУАНОВА,

«Республикалық өсімдіктер карантині
орталығы» ММ-нің филиалы,
Атырау облыстық карантиндік
зертханасының бас гербологы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button