whatsapp image 2019 12 13 at 15.56.27

Атырау облысында «Nur Otan» партиясы үздік мүшелерін марапаттады

Жаңалықтар

Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында салтанатты жиналыс өтіп, белсенді партия мүшелеріне марапаттар тапсырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев партия мүшелерін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады.
Марапат алғандар қатарында депутаттық корпус өкілдері, партияның қоғамдық қабылдауы, кәсіпкерлер мен мәдениет саласының өкілдері бар. Құттықтаған аймақ басшысы Тәуелсіздік күнінің әр қазақстандық үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
– Елбасының саясаты мен президент тапсырмасы аясында елімізде азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған көп жұмыстар атқарылуда. Аймақта жасалған жұмыстар да халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат етті, – деді Нұрлан Ноғаев.

– Сіздер арқылы жұртшылыққа елімізде болып жатқан оң өзгерістерді жеткіземіз.
Салтанатты жиналыста 14 аталым бойынша өткен байқау қорытындысы жарияланды. Олардың арасында партияның үздік қызметкері, партия фракциясының үздік депутаты, қоғамдық қабылдау, үздік партия жобасы, үздік бастауыш ұйым бар. 
Партия жүзеге асырған жобалардың бірі – жастар театры Испанияның Льорет де Мар қаласында өткен «Theatrical Talents» фестивалінде жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Атыраулық жастар театры Мұқан Томановтың «Тұтылу» антидрамасын сахналады.

Қойылым қазақ тілінде өтіп, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Енді қазақстандық жастар театры Италия, Франция, Грузияда өтетін байқауларға қатысады. Театр жетекшісі Әміржан Нұрланұлы облыс әкіміне Испания корольдігінің жастар өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін берген алғыс хатты табыстады.
– Біздің жастарымыз талантты. Халықаралық жарысқа қатысып, жеңіп, еліміздің атағын аспандаттыңыздар. Бұл ел тәуелсіздігіне қосқан үлес. Біз әрқашанда жастарды қолдаймыз, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

whatsapp image 2019 12 13 at 15.56.28

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған