Тиімді игеру – басты міндет
Атырау облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірдегі жер-құқық қатынастары туралы мәселе қаралды. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаев арнайы қатысқан кеңесте облыстық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партия өкілдерімен бірге, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері де болды.
Баяндама жасаған аталмыш кеңес хатшысы Ержан Түркістанов «ҚР Жер Кодексін» жүзеге асыруда көптеген кемшіліктердің орын алып жатқанын айтты.
«Бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселе – қала, аудан орталықтары мен селолық округтер маңындағы жа-йылымдардың жойылып, оның орнын инфрақұрылым нысандарының басуы немесе жердің басқа меншікке өтуі болып отыр. Осындай келеңсіздіктер Атырау қаласы маңындағы Ракуша, Жұмыскер, Еркінқала, Геолог, Қайыршақты, Ақжар ауылдарында, облыстың шеңберіндегі көптеген ауыл-селоларда да орын алған. Бұл жағдай өңірдегі жекеменшік малдардың, құс түрлерінің, үй жануарлары санының күрт аза-юына әкеліп соғуда» дейді Ержан Түркістанов.
Мемлекеттік топографиялық нақтылау, карталарды дер ке-зінде жүргізбеу және жаңартпау фактілері жерді бағалау, сату, сатып алу, жалға беру, салық салу мәселелерін шешуге кедергі келтіріп отыр. Жағдайдың бұлайша ушығуын баяндамашы саладағы жұмыстармен Жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті техникалық реттеу департаментінен басқа, жиырмадан астам коммерциялық, заңды және жеке тұлғалардың да айналысуымен түсіндірді.
Жердің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Көбегеновтің мәліметінше, аталмыш орган тарапынан 542 заңбұзушылық анықталып, нәтижесінде 45 миллион 540 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Жер туралы заңдылықтарды бұзатындардың арасында жеке және заңды тұлғалар көптеп кездеседі екен.
Аталмыш басқарманың аудандарда штаты жоқтығын сынға ал-ған облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаев жергілікті жерлермен, ауылдық елді мекендермен байланыс орнатуды міндеттеді. «Бір ғана Атырау-дың айналасында бос жатқан жер көп. Олар кімнің жері? Игерушілер кімдер? Әуелгіде қазылып, шұңқырға айналған жерлер де аз емес» деген облыс әкімінің міндетін атқарушы құзырлы органдарға шара қолдануды тапсырды.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.