Жарнама
Жаңалықтар

Террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу міндеттелді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында қауіпсіздік ахуалы, терроризмнің белең алуы туралы да айта келіп, деструктивті күштерді қаржыландыратындар мен шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы ымырасыз күрес жүргізу міндеттелді.

Айбек Аташев

Рухани құндылықтарға толы, бейбітсүйгіш, қасиетті дін – Исламның атын жамылып, әлемді әбігерге салған ең сорақы террористік-лаңкестік ұйымдардың қырсығынан жазықсыз адамдар жапа шегуде. Бүгінгі қоғамда негізгі жұмыс экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мемлекеттің дін туралы саясатын қолдау үшін ақпараттық түсіндіру шараларын кеңінен қамтуды талап етуде. Себебі, заманымыздың аждаһасына айналған айлакер ұйымдар, әсіресе, ақпараттық технология мүмкіндіктері арқылы «аңқау елге – арамза молданың» керін келтіруде.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы біздің өңірде дұрыс жолға қойылған.  Осы жұмыстарымызға дін істері басқармасының мамандарымен қоса, облысымыздағы «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог-мамандары да белсенді түрде атсалысуда.

Айбек АТАШЕВ,

Атырау облысы дін істері басқармасы

«Ақпараттық-талдау орталығы» мекемесінің басшысы, теолог:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button