ТЕРМИНАЛ АУЫЛҒА ДА ЖЕТТІ

Құрманғазы ауданының ең шалғайындағы Сүйіндік, Азғыр, Асан ауылдық округтерінің тұрғындары енді ауылдан шықпай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріне хат-хабар, ақша жіберіп, қабылдай алатындай жағдайға жетті.

 

 Жақында осы ауылдардағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне толықтай компьютер қойылып, автоматтандырылды. Алдағы жаңа жылдан бастап пост-терминал қойылмақшы. Сөйтіп, аталмыш ауылдардағы бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын  қызметкерлер мен зейнеткерлердің қаржылары бұдан былай төлем карточкасына көшіріледі. Шалғайға жеткен жақсы жаңалықты ауылдағылар қуана қабылдады.

                                Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз