Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Теракт: Наурыз күндері жарылыс жасамақ болған күдікті ұсталды

Atr.kz/14 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда теракт жасамақ болған лаңкестік ұйым өкілі ұсталды.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, күдікті Наурыз мерекесі күндері адам көп шоғырланған жерлерде жарылыс жасамақ болған» деп хабарлайды «Спутник Қазақстан».


Күдіктіден қазіргі уақытта екі әскери граната тәркіленді.
Күні кеше Алматы қаласында қолға түскен ер адам бүгінде сот санкциясымен қамауға алынып отыр.


Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 255 (терроризм актісі) және 258 (террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру) баптары бойынша іс қозғалып жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, күдікті ДАИШ тыйым салынған халықаралық террористік ұйымның өкілі болған.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-%d2%9baza%d2%9bstanda-telegram-bot-iske-%d2%9bosyldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button