Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Теңіз кенішіндегі тағы тоғыз​ жұмысшыдан Covid-19 табылды

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. «Атырауда​ Covid —​ 19 инфекциясына шалдыққандар саны 117​ адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті індет табылғандар 1969, 1994, 1977, 1996, 1991, 1979, 1985, 1976​ ​ ​ жылы туған ер адамдар. Және 1983 жылғы әйел адам.​

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.​

​Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​

​Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.​

26​ сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 117​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр. Cауығып шыққандар саны —​ 47.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button