p

Теңіз кен орны отқа оранды (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар

Atr.kz/6 наурыз, 2020 жыл. «Теңізшевройл» серіктестігінің Теңіз кен орны аумағында өрт оқиғасы орын алды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан куәгерлердің бейнежазбалары тарап жатыр…

Кәсіпорын баспасөз қызметі хабарлағандай, «тілсіз жау» Үшінші буын зауытының аумағында тұтатнған. Кеше шамамен сағат 16.00-де ТШО ЖШС-нің оператор пультіне шұғыл ақпарат келіп түскен.

Нақтырақ айтқанда, өрт құрылыс алаңынан басталған. Абырой болғанда, оқиға орнына арнайы өрт сөндіру құрамы жедел жеткен. Бір жарым сағат ішінде қызыл жалын толықтай сөндірілді. Жұмысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

https://www.youtube.com/watch?v=f3qULss7kUU

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған