Жаңалықтар

Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Теңге ілуден ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр. Бұл туралы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясыныңбаспасөз қызметі хабарлады.

Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады. Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. 5-ші
Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа
салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC. Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank. Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының
www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button