Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Теле2» тарифі қашан тоқтатылады?

Atr.kz/24 мамыр, 2019 жыл. Енді «Қазақтелеком» еліміздегі 4 ұялы оператордың үшеуін бақылайтын болады.

Тele 2 компаниясы Қазақстан нарығынан кетеді. Себебі Khan Tengri Holding B.V.-мен бірлескен компаниядағы өз үлесін Қазақтелекомға сатты. 

Осылайша, байланыс операторының 49% акциясы Қазақстандық компанияның үлесіне өтті. Келісім маусым айының соңына дейін толық аяқталады.

Енді «Қазақтелеком» Теле 2-нің 80 миллиард теңге сомасындағы несиесін толықтай өтейді. Теле 2 компаниясының қаржылық алымдардан бөлек таза пайдасы 169 миллион АҚШ долларына тең.

Айта кетейік, Теле 2 компаниясы Қазақстан нарығынан кеткеннен кейін «Қазақтелеком» еліміздегі 4 мобильдік байланыс операторының үшеуіне өзі иелік ететін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button